МӘДЕНИЕТ

"Қуат Хамитов асылып қалмасын"

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова кімге тұрмысқа шықты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Сабина Алтынбекова желіде тұрмысқа шыққанын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

Әзірге Сабина кімге тұрмысқа шыққанын айтқан жоқ. Алайда ол өзінің инстаграмына сурет жүктеп, мынадай жазба қалдырды:

"Бұл жылды ең мықты ер-азаматтың жары статусымен аяқтаймын...".

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жектен спорт шебері Қуат Хамитов өзінің Сабинада көңілі бар екенін айтқан болатын. Алайда Сабина ешқандай қарым-қатынастың болмайтынын жазған еді.

Өзінің жартысын тауып, тұрмысқа шыққан Сабинаның бұл жаңалығы Хамитов мырзаға қалай әсер етті екен?

Желі қолданушылары: "Бақытты бол","Әдемі жұп","Қуат асылып қалмасын","Қуаттың жүрегін бытшыт қылып кеттің ғой","Байғұс Қуат","Бақытты болуға лайықсың","Сен үшін қуаныштымыз" деген пікірлер жазды.