МӘДЕНИЕТ
Туған күнге арналған құттықтау тілектер
Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады.
Bugin.kz авторлар платформасы туған күнге арналған құттықтау тілектер жариялайды.
Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілеймін! Жадырап, жайнап күл, ойна, бақыттың сәтін күнде тойла!
****
Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
****
Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
****
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
****
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
****
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
****
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың –
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!
****
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе – үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
****
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
****
…. туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
****
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.
Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
****
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
****
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы! Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
****
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
****
Туған күн ең бақытты күн, осы күнде бәріміз жақсы тілек, құттықтаулар айтқымыз келеді, бірақ сөз бергенде қысылып, жеткізе алмай жататынымыз өтірік емес. Осы жағдайда не істеу қажет, әрине тілекті, құттықтауды жаттап алған қажет!