Bugin

65 жастағы президент парашютпен секіруге бел буды

Қасына министрлерін де қосып алмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бразилия президенті Жаир Болсонару парашютпен секіруге бел буды. Бұл туралы ол Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

65 жастағы Бразилия президенті десанттық әскердегі өз қызметінің қызықты кезеңдерін еске алғысы келетіні туралы айтқан.

Бір қызығы, мемлекет басшысы "командалық рухты күшейту үшін" бірнеше министрді өз қатарына қосылуға шақырды. "Тимбилдинг" жұмысқа кедергі келтірмес үшін қаңтар-ақпан айларының бірінде өтпек.

Жаир Болсонару парашютпен секіру үшін ұшақ та таңдап қойды. Ол – бразилиялық Embraer компаниясының әскери-көліктік KC-390 әуе кемесі.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін