Bugin
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы өз инстаграмына Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлының некесін қиғаны туралы жазып, сурет жариялаған еді.
Осы суретке қатысты пікір сұраған Bugin.kz тілшісіне Қайрат мырза «Біздің мешітте кез келген азамат пен азаматша өз некесін тегін қия алады. Сабина мен Саяттың некесін қиғаным – сәйкестік. Олармен ешқандай туыстық қатынасым жоқ. Басқа пікір білдіре алмаймын» деді.
Ал Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтында жарияланған неке бөлімінің нөмірі бойынша хабарласқанымызда «Неке қию – тегін, неке куәлігін алу 4000 теңге тұрады. Бас имам неке кезекшілігінде жоқ. Ол кісіден (Қайрат Жолдыбайұлы-ред.) басқа да мықты кісілер бар ғой» деп жауап берді.
Айта кетейік 25.12.2020 жылы Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлының некесін Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы қиған.