Сұқбат

"Я пышка" фильміндегі актриса Назерке Назарованың базарда жұмыс жасауына не себеп болды

Баян Мақсатқызы түсірген «Я пышка» фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса Назерке Назарова қазір қайда және немен айналысып жүр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Баян Мақсатқызы түсірген «Я пышка» фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса Назерке Назарова қазір қайда және немен айналысып жүр?

Осы және өзге де сұрақтар жайында Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының тілшісі Назерке Назаровамен сұхбаттасқан еді.

- "Я пышка" фильмінен соң тағы да киноаға ұсыныс түсті ме?

- Фильмнен соң ұсыныстар түсті. Бірақ көп деп айта алмаймын. Оның ішінен бір фильмге өттім. Басты рөлдегі қыздың құрбысы болып ойнаймын.

- Қазір немен айналысып жүрсің?

- Қазіргі уақытта мен демалып, саяхаттап жүрмін. Маған ел аралаған ұнайды. Мен фильмнен соң Кореяға саяхаттауға барған болатынмын. Ал қазір Түркияда жүрмін.

- Түркияда жүргеніңе ұзақ  уақыт болды қателеспесем не себеппен бардың? Əлде түсірілім ба?

- Жоқ, түсірілім емес. Тек саяхаттауға келгенмін. Басқа елдің мәдениетімен, менталитетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысқан оларды өз көзіммен көрген ұнайды. Келгеніме екі ай енді болды. Шынымды айтсам маған қыс мезгілі ұнамайды. Сол себептен де кетіп қалғым келді. Жақында бұйыртса елге ораламын. Қазір кино саласында жүрген жоқпын. Өзіме уақыт арнап рухани жаңғырып жатырмын.

- "Я пышка" фильмі сен күткен нәтиже берді ма?

- Негізінде мықты нәтиже беретін еді. Карантинге уақыты тұспа-тұс келіп қалды сол себепті біз күткен нәтиже болмады. Кинотеатрлар жабылып, ұзақ уақыт ашылмай қалды. Оның үстіне халық карантинде қиналып не до кино болды. Осыдан соң кино қатты өтпей қалды. Негізінде мықты фильм ғой. Шүкір деймін осындай мүмкіндікті пайдаланып түскеніме. Дәл қазір кино саласында жүрген жоқпын алайда алдағы уақытта бұйыртса оралам кино әлеміне.

- Кино жарыққа шыққан соң базарда жұмыс жасаған видеоларың тарап кетті. Ол хайп үшін бе əлде шынайы ма?!

- Шынайы әрине. Фильм шыққан кезде карантинге жауып тастады ғой барлық жерді. Тіпті үйден шығармай. Сол кезде жұмыс тек базарда ғана болды. Отбасым ұсыныс жасаған соң, келісіп Ақтөбеден базардан орын алып жұмыс жасадық. Ешқандай хайп емес, базардығы да өмірді көрдім. Еңбектерін түсіндім. Жалпы барлық нәрсені көру керек қой өмірде. Базардың да біраз қызығы мен қиындығын көріп нан таптым.

Сұхбатыңа рахмет! Шығармашылығыңа табыс тілейміз. Елге аман-есен орал!

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін