Қоғам

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанды

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алды. Ақпаратты Жұлдыздың көмекшісі Арайлым Русланқызы растады.

Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы Sputnik.kz  -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Конкурс коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті. Ресми сайтта 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді. Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинады.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше рет желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсетуді сұрап, жазба жариялады. Оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқарады.

"Байқау онлайн түрде өтіп жатыр. Бұл формат маған да ыңғайлы болды. Себебі балалардың жанында жүріп, байқауға қатыса аламын"  деді Жұлдыз Әбдікәрімова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2008 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың екі қыз, екі ұлы бар. 2017 жылы екеуі бірге "Арман" фильміне түсті.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін