Қоғам

Қазақстандық Хатикоға бағдарлама арналмақ

Дүниеден өткен иесінің қабіріне екі ай бойы келіп күткен қазақстандық Хатикоға бағдарлама арналмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Хатикоға арнап КТК арнасы бағдарлама әзірлеп жатыр.

Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.

Белгілі журналист Дина Төлепберген Астарлы ақиқат осы итке арнап бағдарлама арнап жатқандығын жеткізді.

"Мына видеоны көрмеген жан жоқ шығар? Иттің иесіне деген адалдығы әрбір жүрегінде мейірім ұшқыны бар адамды елжіреткен болар... Астарлы ақиқат осы итке арнап бағдарлама әзірлеп жатқанын жеткіземін.
Егер Сіз Қазақстандық Хатикоға көмектесемін десеңіз, мархабат! Сый-сыяпаттарыңыз болса, асығыңыз!
Еске салсақ, БАҚ хабарлауынша, ит қайтыс болған иесінің бейітін 2 ай бойы күзетіп жүр. Егер осы итті алып, асыраймын десеңіз, хабарласыңыз"
деп жазба жариялады.

Осыған дейін иттің әрекеті желіні шулатып, талай жанның көзіне еріксіз жас келтірген болатын.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін