Mona Songz: Біздің қолымыздан келді!

Mona Songz лақап атымен танымал отандық әнші Манарбек Жұматай өз тыңдармандарының қолдауына алғыс айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір апта бұрын Манарбек Жұматай (Mona Songz) өзінің инстаграм парақшасына видео жүктеп, тыңдармандарынан қолдау сұраған болатын. Видеода ол өзінің ресейлік танымал әнші Валерий Меладзенің «Салют,Вера» атты әніне түсірген кавердің толық нұсқасын шығаруды сұрайтындардың көптігін айтады.

Кавер видео желіде таралып, танымалдыққа ие болғаннан кейін, толық нұсқасын шығаруды жоспарлап, авторлық құқық жұмыстарымен айналыса бастайды. Алайда бәз біреулер кавер нұсқаның бір бөлігін музыкалық сайттар мен алаңдарға орындаушының аты-жөнінсіз жариялап тастаған. Бұл жағдай әншіні де, оның жұмыс тобын да ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Себебі заң бойынша авторлық құқықсыз әннің кавер нұсқасын еш жерге жүктеуге болмайды.

Mona Songz әннің толық кавер нұсқасын шығаруға көмектесе алатын адамдардың бар екенін айтып, тек тыңдарманнан видеоны таратып, #салюткавер хэштегін белгілеуді өтінді. Mona Songz әннің кавер нұсқасының орындаушысы өзі екенін халықтың білгенін қалайтынын, өнерінің біреулердің кесірінен аяқ асты болғанын қаламайтынын айтып ағынан жарылды. Тыңдарман сүйікті әншісіне сол сәттен бастап барынша қолдау көрсете бастайды. Көп ұзамай әнші инстаграм парақшасында келісім шартқа қол қойғанын айтып сүйінші сұрады. Әннің толық нұсқасына дереу кірісіп, аяқтайды. Тыңдарманға алғыс айтып, «Салют, Вера» әнінің толық кавер нұсқасын тарту етті.

 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін