Қоғам

Alem: ЖасStar дауысы емес, Uly dala daýysy

Эвентоним деген сөзді естуіңіз бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғамымыз мерекелерге жаңаша атаумен жаңаша сипат әкелетін атауларды көп қолдануда. Бұл дамудың негізі ме? Бірге білейік.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары эвентонимдар қарапайым, жай атаумен берілетін. Ал қазір заманауи түрге енді: мерекелер, саммит, басқа да ұлттық мерекелерге жаңаша атаулар берілуде.

Соларды салыстырып көрейік.

Наурыз мерекесіне: 

Қазір: Nauryz naqyshtary, Az-Nauryz torlet. 

Бұрын: "Қош келдің, Наурыз!", "Ұлыстың ұлы күні", орысша "Праздник весны", т.б.

Әншілер, жалпы өнерпаздар конкурстарына: 

Қазір: Q-pop fest, Asul mura 

Бұрын: ЖасStar дауысы, Жасқанат, Бурабай fest.

Осылайша заман ауысқан сайын халықтың мерекелерге, басқа да атаулы жағдайларға қойылатын атаулары да жаңарады.

Тағы бірнеше жылдан кейін Наурызға "Nauryz Great", "Holiday" сынды атаулар берілуі мүмкін.

Ал ән конкурстарына "Kaz music-awards", "Free kazakh child" дегендей атаулар қойып кетпеу үшін, атаулары қазақша естуге де, тыңдауға да лайықты етіп заманауи етсек.

2050 жылы ән конкурстарына, өзге мереке мен атаулы күндерге "Zamana fest", "Ұлы дала ұландары" деген атауларды ұялмай қоя алады.

Ал сіз қандай ойдасыз?

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін