Weekend

Дастарханда отбасының бақыты

Ас-адамның арқау, сонымен қатар отбасының бақыты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Он адамның бір табаққа қол созып ас ішуі, арқа-жарқа болып әңгіме айтуы, әке-шеше мен бала арасындағы ыстық махаббаттың көрініс табуы,  дөңгелек  үстел басындағы астың арқасы.

Шынтуайтына келгенде, отбасының  әр мүшесі үйде жүріп дастарханнан тыс жиылмасы хақ. Бірі сабақ десе, енді бірі теледидарға телміреді. Саясатқа көңілі толмайтын Совет үкіметінің  өкілдері (әкелеріміз) фейсбук пен ютубты ақтарып, наразылықтарын бір боқтап қайырады. Барлығы бос емес, әйтеуір бітпейтін күйбең тірлік. 

Кеш ауа еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін асханаға мойын созатыны анық. Себебі  аш қарын адамды жайына қойсынба?

Дастарханға жиылып, берекелі астан дәм тата отырып әкеміздің әдемі әңгімесін тыңдағанда күні бойы естіген, көрген жағымсыз ақпараттар мен эмоциялар ұмытылады.

Ескеріңіз! Ас үстінде тек жақсы әңгімелер айтылғаны абзал. Себебі астың тарттылыс күші болад екен шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша. Яғни, жағымсыз пікірлер өрбісе, негатив асқа түседі екен. Ал асты ішетін өзіміз.  Бұрын ақсақалдар ас үстінде уағыз айтса тек жұмақ туралы айтатын. Тозақ туралы айтпайтын. 

Еуропалықтардыңда дастархан үстінде сызылып қалатыны содан. Олар ғылыми жағын жақсы білген. Тіпті, сол еуропалық христиандар ас ішер алдында Құдайға дұға қылады. Яғни, жақсы сөздер айтып бастайды. Бізде де астың алдында және соңында дұға оқылып, бата қайырылады.

Тоқсан ауыз сөздің толықтай түйіні, астың арқасында берекелі ғұмырымыздың сәнін келтіреміз.  Нағыз бақыттың ақша емес отбасы екенін ұғынамыз.  Қайнап жатқан күйбең тірлікті бір сәт ұмытып, өмірдің тәтті дәмін сеземіз. 

Отбасы ең құнды жәдігер екенін есте сақтайық. Үстел басында жақсы әңгімелер өрбітейік. Жақындарыңыз аман болсын!

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін