Bugin
Бұған дейін "қызыл аймақта" Атырау облысы ғана тұрған еді
Енді Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да жағдай ушықты.
26 желтоқсанда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта төрт өңір тұр.
"Қызыл" аймақта бұрынғысынша Атырау облысы қалып отыр. Сонымен бірге, бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді.
"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.