Спорт

Исламхан "Қайрат" сапында жаттығады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Қайрат" сапында жаттығу жасайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-парақшасында мәлімдеді  деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

"Баторидің (Бауыржан Исламханның - еск.) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Исламхан допинг қолданғанына байланысты футболдан шеттетілу ісі бойынша CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді" деп жазды Қожахмет.

Еске салайық, 24 желтоқсанда Исламхан допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілген болатын. Исламхан 18 қыркүйекте Азия чемпиондары лигасындағы "Әл-Саддқа" қарсы матчтан кейін допинг-сынақтан өте алмаған.

Бұған дейін араб БАҚ-тарында қазақстандық футболшы қатаң жазаланса, "Әл-Айн" Исламханның орнына жаңа ойыншы іздейтіні туралы хабарлаған.