МӘДЕНИЕТ

"Әйелің болғандықтан ол парыз болып есептеледі"

Тәуекел Мүсілім әйеліне қандай уәде берді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуекел Мүсілім "Оскар" сыйлығын алып үлгермесе де, отбасында нағыз отағасы болып жүр.

Бұл туралы Bugin.kz  авторлар платформасы хабарлайды.

"Биыл біздің отбасымыз толықты. Біз қуаныштымыз. Әрине ол маған өмір сүруге одан сайын мотивация береді. Сонымен қатар жауапкершілігім еселенді. Сол үшін талмай еңбек етесің. Әйел адам ер азаматтың иманын 50%-ға толтырады дейді ғой, ол жағы да өте керемет. Әркімнің өз талабы бар, оның бәрін өтеуге тырысамыз. Оның үстіне ол әйелің болғандықтан парыз болып есептеледі. Әйел затының өз қажеттіліктері болады. Сол себепті аянбай екі есе еңбек етуге тура келеді" дейді актер.

Жақында ғана жаңа баспанаға қоныс аударған актер ізін суытпай тағы бір қуанышытың боларын айтып қалды. Жаңа жылдың қарсаңында алғашқы рет әке атанатын Тәуекел мырза болашақта балалары көбейіп жатса, бұдан да үлкен пәтер алғысы келетінін жеткізді.

Редакция автордың ойымен келіспеуі мүмкін