Қазақстан жаңалықтары
Квазимемлекеттік сектор субъектісін құруға мораторий енгізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторийді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.