Әлем жаңалықтары

Мұхитқа 1,5 миллиард бет маскасы тасталған

2020 жылы мұхитқа 1,5 миллиард бет маскасы тасталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы мұхитқа 1,5 миллиардтан астам бет маскасы тасталған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Unilad-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Соның әсерінен теңіз ортасы 4680-нен 6240 метрикалық тоннаға дейін пластикпен қосымша ластанған.

Соңғы есеп бойынша бет маскалары 450 жылға дейін жойылып, біртіндеп микропластикаға айналуы мүмкін, бұл теңіздің жабайы табиғаты мен экожүйесіне теріс әсерін тигізеді.

Пластикалық материалдарды тұтыну әр жыл сайын өсіп жатыр, ал коронавирустық пандемия кезінде оның саны айтарлықтай өсті.

OceansAsia

"Пластик қалдықтардың кесірінен жылына 100 мың теңіз сүтқоректісі мен тасбақа, миллионнан аса теңіз құсы, тіпті балық пен басқа да жануар өледі. Бұл балық аулау мен туризм индустриясына кері әсер етеді және әлемдік экономикаға жылына шамамен 13 миллиард доллар шығын келтіреді",- деді Оceansasia компаниясының операциялық директоры Гари Стокс. 

OceansAsia