Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлемдік пандемияға байланысты көбіміздің үйреншікті жаңа жылдық жоспарларымыз өзгеріп кетті. Жаңа жылды бірі отбасымен, кейбірі жалғыз өзі қарсы алмақ деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
BBC тілшісі психикалық денсаулық мәселелері жөніндегі ұйымның екі маманы мен жаңа жылды үнемі жалғыз қарсы алатын, бұл шешімді керемет деп білетін әйелмен тілдесті.
Эксперттер мерекені жалғыз қарсы алатындар үшін бірнеше кеңес берді.
Егер жоспарларыңыздың бұзылғаны үшін ашуға берілсеңіз, бұл – қалыпты жағдай. Мысалы журналист Хелен Расселл "Біз төтенше жағдайға тап болдық. Менің ойымша, адамдар ашулануға, қайғыруға құқылы»,- дейді өзінің «Қалай дұрыс қайғыру керек?» атты кітабында.
Мереке күні оянғанда, сіздің іс-әрекетіңіздің нақты тізімі болуы керек. «Жаңа жыл мерекесін жоспарлауға асықпын. Тым ерте бастап қоймас үшін өзімді ұстаймын» ,- дейді Марта. Ең алдымен Марта күнін бөліктерге бөліп тастайды екен. Таңғы асқа не ішетініңізді ойлаңыз, серуендеуге, кітап оқуға, фильм қарауға, туыстарыңызға хабарласуға уақыт бөліңіз.
"Жаңа жылдық ойыншықтарды немесе фотосуреттерді іліп қойыңыз. Үйіңізді жинаңыз, тазарту жұмыстарын жасаңыз. Онан бөлек тек жақсы нәрсе ойлаңыз, себебі бұл жағдайды едәуір жақсарта алады",- дейді ұйым қызметкері.
Күні бойы өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз. Бұл таңертеңгілік жүгіру, түрлі ойындар болуы мүмкін. Ал егер сізге ешқайда барудың және басқа адамдармен сөйлесудің қажеті жоқ болса, жай ғана өзіңізге қуаныш сыйлайтын нәрсеге назар аудара аласыз. Мысалы қалап жүрген бұйымыңызды сатып алыңыз. Мерекелік көңіл-күй болу үшін оны сыйлық қаптамасына орап алсаңыз да болады.
Бұл күні сізде белгілі бір ереже болмайды. Көңіліңіз не қаласа, соны әзірлеп жеңіз. Өзіңіздің сүйікті тағамдарыңыз бен сусындарыңыздан ләззат алыңыз. Міндетті түрде мерекелік кешкі асты күтіп қажет емес, дәмді таңғы ас та ұйымдастыруға болады.
Сіз мерекені атап өтпей-ақ қойсаңыз да болады. Бұл күндердің маңызын асыра сілтемей, жәй күн ретінде қараңыз. Егер өзгелерге сыйлық беру қажет болса, оларды ертерек сыйлаңыз. Одан бөлек эксперттер сол күні теледидар көруден, желіге кіруден бас тартуыңызды сұрайды.
«Бұл тек 24 сағат, ол мәңгіге созылмайды. Егер сіз мереке күні өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бір күннен соң өзге күн туатындығын еске түсіріңіз» деп қорытынды жасады олар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61