Әлем жаңалықтары
Коронавирустың жаңа түрі белгілі болды
Жапония шетелдік азаматтардың елге 28 қаңтардан ай соңына дейін кіруіне тыйым салды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекетте коронавирустың жаңа түрі белгілі болды.
Жапон азаматтары мен шетелдік тұрғындар елге әлі де кіре алады, бірақ олар 14 күндік карантиннен өтуі керек.
Бұл әрекетті Токио үкіметі сенбі күні Ұлыбританиядан жақында оралған адамдардың арасында COVID-19 нұсқасының екі жаңа жағдайын растағаннан кейін жасады.
Коронавирустың жаңа нұсқасы Ұлыбританияда пайда болды және әлі де таралып келе жатыр. Ол пайда болғаннан кейін 40-тан астам мемлекет Ұлыбританияға ұшуға тиым салды.