Әлем жаңалықтары

Әблязов сырттай 15 жылға сотталды

Ресей соты “БТА банк” директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовті сырттай 15 жылға соттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей соты “БТА банк” директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовті сырттай 15 жылға соттады. Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге Ресей Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлаған, деп жазады Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мәскеу қаласы Таған аудандық соты “БТА банк” директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, аталмыш банктің басқарма төрағасы Роман Солодченко, сонымен қатар менеджерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскаевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты шешім шығарды.

Олар "Алаяқтық", "Қылмыс жасау жолымен мүлікті заңдастыру" және "Ұйымдасқан топтың алдау жолымен ерекше ірі залал келтіруі" баптары бойынша сотталды», - делінген хабарламада.

Нақтырақ айтқанда, Әблязов 15 жылға, Кононко – 10, Параскаевич – 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың бәрі жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сот 2006-2009 жылдары Әблязов пен оның қол астындағылары банктен 58 миллиард рубль, 330,3 миллиард теңге ұрлағанын анықтаған. Осы мақсатта олар қарызға алынған жер учаскелерін кепілге қойып, несие беріп отырған. Кейін Әблязов ипотека шарттарының заңсыз тоқтатылуын ұйымдастырады. Ал банк кепілге салынған заттардан өндіріп алу мүмкідігінен айырылды. Сыбайластар мүлікті өз қалауларынша пайдаланған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, РФ Бас прокуратурасы жалпы мүліктің сомасы 24 миллиард рубль, яғни 136,7 миллиард теңгені құрағанын анықтады.