Саясат
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Elbasy.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.