COVID-19
Қытайда сөз бостандығы жоқ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытай соты Уханьдағы коронавирус жайлы жазып, жариялағаны үшін журналисті 4 жылға қамады.
Чжан Жан халықты тәртіпсіздік пен қастыққа шақырды деп айыпталды. Бұл – Қытайда диссиденттер мен белсенділерге қарсы қолданылатын айыптаудың стандартты тәсілі.
BBC мәліметіне сүйенсек, экс адвокат Чжан Жан бұған дейін мамырда ұсталып, бірнеше ай бойы наразылық ретінде аштық жариялап келген. Адвокаты журналистің денсаулығы мәз емес екенін хабарлады.
Айта кететін жайт, ол Уханьдағы коронавирус эпидемиясы жайлы жариялағаны үшін биліктен қысым көрген алғашқы журналист емес.
“Қытайда сөз бостандығы жоқ. Билік вирусқа қатысты ақпар беруге ниетті белсенділер мен журналистердің жолын кесіп отырады.
Чжан Жанның адвокаттарының бірі журналиске тағылған сот шешімінің тым ауыр екенін жеткізді. Белсендінің анасы үкім шыққаннан кейін зар қақты. Алайда Қытай соты құлақ аспады”, - деп жазды BBC.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61