COVID-19

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина 96%-ға тиімді

Коронавирусқа қарсы қазақтандық вакцина 92 пайыздан 96 пайызға дейін тиімді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шортанов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынақ кезінде тиімді екенін дәлелдеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

– Ресейлік "Спутник V" вакцинасы 92 пайызға дейін, қазақстандық QazCovid-in 96 пайызға дейін тиімді екенін көрсетті, – деді Шортанов.

Клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде сыналып жатқан қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 19 желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге салына бастаған.

Бұған қоса, "Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде" ресейлік "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастаған. Кешенде вакцинаның 2 млн дозасы шығарылады деп отыр. Елде ақпан айынан бастап "Спутник V" вакцинасы жаппай салына бастайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61