Әлем жаңалықтары

Баренцево теңізінде ресейлік кеме суға батып кетті

Ауа райына байланысты іздеуге ұшақтар жіберілмеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Баренцево теңізінде балық аулайтын "Онега" кемесі суға батып кетті. Бортта 19 адам болған. Екі балықшы құтқарылды, қалғандарын іздеп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы centralasian.org-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баранцево теңізіне балық аулауға шыққан "Онега" кемесінің батып кеткені дүйсенбі күні таңертең белгілі болды. Соңғы мәліметке сәйкес, кеменің сыртын мұз қатып, тоңып қалғандықтан батып кетті.

Іздеу-құтқару жұмысына "Войково" кемесі тартылды. Оқиға болған жерге тағы үш кеме жеткен. Ауа райына байланысты іздеуге ұшақтар жіберілмеді.

Ресейдің тергеу комитеті су және теңіз көлігін пайдалану ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61