Қоғам

2020 жылы балаларға ең көп қойылған есім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 2020 жылы балаға ең көп қойылып жатқан есімдер белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы жазды.
2019 жылы 4 268 балаға Әлихан есімі берілді. 3 270 балаға Айсұлтан, 2 528 балаға Нұрислам есімі қойылды. Бұл есімдер 2020 жылы да көш бастап тұр. Жыл басынан бері 1 204 Әлихан, 841 Айсұлтан және 765 Нұрислам дүниеге келді.

Ал қыздардың есімінде өзгеріс бар. 2019 жылы бірінші орында Райана (Раяна) есімі тұрды. 5 601 ата-ана қызына Раяна есімін берді. Екінші орында Медина (5 320 қыз), үшінші орында Айзере (4 510 қыз) есімі тұрды.

"2020 жылы Медина есімі көш бастады. Екінші орында Асылым (Асыл) тұр. 1 183 жаңа туған нәрестеге осы есім берілді. Өткен жылдың көшбасшысы болған Раяна есімі бұл жылы да үштікке кірді. Жыл басталғалы 1 172 нәрестеге Раяна есімі берілді",- дейді АХАТ.

2020 жылы ер балаға жиі қойылған есімдер:

1. Әлихан;

2. Айсұлтан;

3. Нұрислам;

4. Әмір;

5. Алдияр;

6. Әли;

7. Әрсен;

8. Омар;

9. Санжар;

10. Ерасыл;

11. Ислам;

12. Ибрахим;

13. Расұл;

14. Мансұр.

2020 жылы қыз балаға жиі қойылған есімдер:

1. Медина;

2. Асыл;

3. Раяна;

4. Айлин;

5. Айзере;

6. Айша;

7. Айым;

8. Аяла;

9. Томирис;

10. Айару;

11. Кәусар;

12. Сафия;

13. Айкөркем;

14. Адина.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61