Қазақстан жаңалықтары
10 қаңтарда дене қызуы бар азаматтар сайлау учаскесіне кіргізілмейді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com2021 жылы 10 қаңтарда өтетін мәжіліс және мәслихат сайлауына дене қызуы бар адамдар қатыса алмайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы мәлімдейді.
29 желтоқсан күні өткен брифинг кезінде Алматы қаласы аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова осылай деп хабарлады. Алайда құқық қорғаушы органдар «дене қызуы бар адамдарды дауыс беру құқығынан айыру – адам құқығын бұзу болып есептеледі» деді.
Асанованың айтуынша, 10 қаңтарда қаладағы сайлау учаскелерінің кіре берісіне дауыс берушілердіңдене температурасын өлшеп тұратын арнайы жабдық орнатылады.
— Дене қызуы бар сайлаушы сайлау учаскесіне кіргізілмейді. Олар дауыс бермейді. Себебі, қазір коронавирус жұққандар артып барады, қауіп бар. Сайлау учаскесінде дене қызуы көтерілген адамдардан бөлек, денсаулығын қорғағысы келетін адамдар бар ғой. Сол себепті ережеге сәйкес, температурасы бар адамдар көпшілік орынға жіберілмейді, — деді ол.
— Температурасы бар кез келген адам сайлау учаскесіне барып, айналадағы адамдардың өмірін қауіпке тігеді деп ойламаймын, құқығым бұзылды деп дауламайды деп санаймын, - деп құқық қорғау органына да жауап берді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61