Қоғам
Қазақстандық картина халықаралық фестивальде "Үздік азиялық фильм" атанды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБангладеште өткен Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінде қазақстандық "Қыз бен теңіз" көркем фильмі "Үздік азиялық фильм" номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы "Қазақфильм"-ге сілтеме жасап хабарлайды.
"Қыз бен теңіз" фильмінің режиссерлері – Әзімжан Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков.
"Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінің қорытындысы бойынша картина "Үздік азиялық фильм" номинациясын жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше кинофестивальға 50 елден 150-ге жуық картина қатысқан", - делінген хабарламада.
Айта кетейік "Қыз бен теңіз" фильмін "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Жаңа әлем" АРДИ видеостудиясымен бірге түсірген.