Экология
Жаңа жыл қарсаңында күн 40 градусқа дейін аяздайды
"Қазгидромет" РМК 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы ауа-райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Қар жауып, ауа температурасының өзгеруіне сәл түрткі болған Атлантикалық циклон тек оңтүстік-шығыс аймақта ғана өз әсерін сақтайды. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа-райы Таймыр аймағынан ойысып келген суық антициклонның ықпалында болады. Ол шығыс бағыттан ойысып келеді, сондықтан еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында түнде сынап бағаны 30-35 градусқа дейін, кейбір аудандарда 40 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады", - делінген синоптиктер болжамында.