Саясат
Думаның депутаттары Вячеслав Никонов, Евгений Федоров пен Владимир Жириновскийге қазақстандық партия атынан жаңа жылдық сыйлық жіберілді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.
Бұл сыйлықты, әрине, жаңа жылдық деп айту қиын. Бірақ 2021 жылға бір күн қалғанда жөнелтілген сыйлық көңіл-күйді көтерері анық. Себебі «Қазақстан» шоколады тым тәтті.
Осындай тәтті сыйлықты аты шулы ресейлік шенділерге жіберу идеясының авторлары – Қазақстанның Халық партиясының жастары. Олар инстаграмында идеяларын былай деп түсіндіреді:
«Біз бүкіл әлем сүйсініп жейтін «Қазақстандық» шоколадын сізге жөнелтіп отырмыз. Шоколадтың сыртында Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген. Мархабат, шоколадты асап жеңіз. Онымен қоймай тарихтан, географиядан білім жетілдіріңіз».
Халық партиясының инстаграмда 28 пікір жазылған. Негізгілерін назарыңызға ұсынайық: «Креавтив бар. Осы арқылы сендер бұл мәселе бойынша өз позицияларыңды жеткізе білдіңдер», «Шаршаттыңдар. Бұл тақырыпты қозғай беруді қашан қоясыңдар? Енді мына шоколад қосылды. Тағы бір ақымақтық. Ит үреді, керуен жүреді».