Әлем жаңалықтары

2020 жылғы Instagram-дағы ең танымал жазба қандай?

Instagram-дағы 2020 жылғы ең танымал жазба аталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жыл бойынша Instagram желісіндегі ең танымал жазба аталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атақты футболшы Криштиану Роналдудың посты Instagram желісінде ең танымал деп аталды. "Ювентус" ойыншысы бұған дейін де 200 миллион оқырманы бар алғашқы адам болып Instagram тарихына енген. Тек Instagram желісінің өз парақшасына ғана одан көп адам жазылған.

Криштиану Роналду Диего Марадона қайтыс болғаннан кейін атақты футболшыға деген құрметін көрсетіп, 25 қарашада онымен түскен фотосын жариялады. Бұл пост 19,6 миллион лайк жинады.

Танымалдығы жағынан екінші орында америкалық актер Чедвик Боузманның қазасы туралы хабарлама болды. "Қара қабылан" фильмінің актерінің ақ-қара түсті фотосы 19,1 миллион адамға ұнаған. Пост оның өз парақшасында жарияланған.

Лионель Мессидің Диего Марадонамен түскен фотосы 16,3 миллион лайк жинап, үшінші орын алды.