Bugin
Түлкібас ауданында 15 жастағы қыз анасынан зорлық көрген. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Осы жайт бойынша түсіндіріп өтеміз, бұдан алдын әйелдің балалары "Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне" аналарының отбасылық жанжалдарға байланысты оларға үнемі психологиялық және физикалық қысым көрсететіні туралы шағымданған.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша СДТБТ-ға тіркеген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жүргізіліп жатқан тергеу барысы оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады. Әйелдің кәмелетке толмаған қызы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімдеу орталығына орналастырылып, кіші інісі анасына қалдырылды" деді Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі.