Bugin
Армандар картасы – адам баласының ой-елегіндегі барша арман тізбегінің қағазға түсіп, оның орындалатындығына деген толық сенімнен туындаған визуалды құжат
Армандар тізбегін қағазға түсіру бізге Фэн-шуйден келген. Оны құрудағы басты мақсат – қиялымыздағы барлық арман-тілекті қағазға түсіру арқылы шындыққа айналдыру.
Армандар картасын құрастырудың бірнеше түрі бар. Бірі оны 9 бөлікке бөліп ретімен жазып сурет жабыстырса, енді біреулер жай ғана дәптерге жазып қалдырады екен. Бұл әдісті ойлап тапқан эксперттердің айтуынша картаны 9 бөлікке бөліп жасаған абзал. Жыл басында, яғни қаңтардың ай толған күніне сәйкес құрастыру оның күшін арттырады дейді.
2021 жылы картаны жасауға қолайлы уақыт жыл басының алғашы 14 күні. Күнтізбе бойынша ең қолайлы күн жылдың алғашқы айы толатын 13 қаңтар.
Тілектер тізбегін жасау үшін:
А3 форматындағы қағазды алып (яки одан да үлкен), дәл ортасына өз суретіңізді жапсырыңыз.
Ескере кететіні, арманыңыздың барлығын осы шақта жазыңыз. «Мен көлік алғым келеді» емес, «менің көлігім бар», «мен Дубайға барғым келеді» демей, «мен Дубайдамын» деп жазу қажет.
Күнделікті қарап, оқып, визуализация(елестету) жасасаңыз, оның күші арта түспек. Елестетуге оңайырақ болу үшін, армандарыңызға байланысты суреттерді жабыстырып қойсаңыз болғаны.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін