МӘДЕНИЕТ

BBC News әйгілі Ninety One жайлы жазды

BBC news отандық танымал әрі көпшіліктің сынына ұшыраған топ Ninety One жайлы пост жазды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

BBC news отандық танымал топ Ninety One жайлы пост жазды, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

BBC news өзінің Instagram желісінде:

"Олардың таңғажайып әуенді әрі әсерлі бейнебаяндарын, тамсандыратын әндерін және керемет билерін көріп K-Pop әртістері деп ойлап қаласыз. Бірақ олар K-pop емес, қазақстандық поп яғни Q-pop әншілері. Қазақстандық музыка жанры.

Бұл Ninety one тобы. Қазіргі таңда әлемдік танымалдылыққа кенелуде. Алайда олардың бастапқыда сыртқы келбеті мен образдарын Қазақстан қатты сынға алған еді. Ескі пікір бойынша, "Тоқсан бір" тобы, жарқын образымен және қызтекелік ұғымның синонимдесі ретінде жұрт санасында сақталып қалған." 

Пікірлер бөлімінде мыңнан аса адам пікір қалдырған. Басым көпшілігі "Q-pop керемет өнер", "Қазақстандық өнердің шыңы ол 91", "Сымбатты жігіттер" делінген.