Әлем жаңалықтары
Насыбай ел экономикасына зиян тигізеді
Өзбекстанның алкоголь мен табак нарығын реттеу және шарап өндірісін дамыту жөніндегі агенттігі үкіметке насыбайға тыйым салатын заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық министрлігі елде кеңінен тараған насыбай халықтың денсаулығы мен экономикаға зиян келтіреді деп есептейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстанда 13-15 жастар арасында насыбай тұтыну деңгейі өте жоғары – 6 пайыз. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда – 5,1 пайыз, Тәжікстанда - 1,8 пайыз, Қазақстанда – 0,6 пайыз, Түркіменстан – 0,2 пайыз.
Насыбайды негізінен Орталық Азия елдерінің тұрғындары атады. Оны тұрғындар қолдан өсіреді.