Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев: "Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлау жайлы өз ойын білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, мерекенің мазмұнын байыта түсу керегін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Президент "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында жазды деп хабарлайды.

"Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. (...) Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент қазақ халқының осындай ырыс-ынтымағын бағалау керегін айтты.