COVID-19
Түркия транзиттік әуе жолаушыларынан ПТР сынағын талап етпейтін болды
Түркия билігі әуе жолаушыларына арналған транзиттік ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ереже бойынше егер жолаушылар Түркия шекарасынан өтпей, тек әуежай арқылы үшінші елге өтетін болса, олардан теріс ПТР сынағы талап етілмейді. Бұл 31 желтоқсанда Turkish Airlines әуекомпаниясының тұтынушыларына жіберген хабарламадан белгілі болды.
Осындай хабарламаны Pegasus әуекомпаниясы таратып, әлеуметтік желіде жариялады. Әуекомпания туристер өздері баратын елдің талаптарын ғана ескеруі керек екендігіне назар аударуды сұрайды.
Осыған дейін тасымалдаушылар 30 желтоқсаннан бастап Түркияға келетін барлық әуе жолаушыларына, соның ішінде транзиттік жолаушыларға теріс ПТР сынағы туралы анықтаманы міндеттейтінін хабарлаған. Бұл қазірдің өзінде әуежайлардағы түсініспеушіліктерге себеп болды. Туристік компаниялардың мамандары транзиттік жолаушыларға қойылатын талаптардың жеңілдеуін кішігірім жеңіске жету деп атайды. Туристер Мысырға, Мексикаға және басқа елдерге бару үшін түрік әуежайларын пайдалануды жалғастыра алады.