МӘДЕНИЕТ

Димаш Байденнің жеңісін тойлау салтанатына қатысады

Бүгін Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған президент Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Бүгін Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды",- деп жазды dimashnews.com.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны бауырлас қалалар ассоциациясы – "Sister Cities International" ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті төрағасы болады. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпус та қатысады.

Пандемияға байланысты шара 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Вашингтонда орналасқан "Sister Cities International" халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Еске сала кетейік, "Sister Cities International" іс-шарасынан бір күн бұрын 16 қаңтарда "DIMASH DIGITAL SHOW" атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.