Денсаулық
Ғалымдардың пікірінше жаргон сөздерді қолдану адам денсаулығына пайдалы. "Өз жұмыс орныңызда боқтап сөйлесеңіз, әріптестеріңіздің сеніміне кіріп, олармен тез тіл табысуыңызға зор әсерін тигізеді" дейді Huffpost қызметкерлері
Зерттеушілер бейәдеп сөздерді жиі айту барлық жағынан пайдасы көп дейді. Жұмыста сенімділікті арттырып, ұжымды біріктірсе, денсаулыққа келгенде агрессияны шығарудың ең оңай жолы деседі.
Боқтап сөйлейтіндер өтірікті аз айтады. Олардың эмоционалды интеллекті және IQ жоғары. Сонымен қатар лексикалық қоры өзгелердікіне қарағанда біршама бай.
Денеңізді жарақаттаған немесе бір жерге ұрып алған жағдайда айтылған боқтық сөз ауырсынуды жеңілдетеді. Ал дер кезінде боқтау ағзадағы эндорфиндердің санын көбейтіп, күш қуатты жақсартуға септігін тигізеді дейді сарапшылар.
Сондай-ақ ғалымдар тілдік лексикаға жат сөздерді достардың арасында жиі қолдану достықтың нығаюына әсер етеді дейді. Олардың зерттеуі бойынша, адамдар күніне орта есеппен алғанда 80 рет әдепсіз сөздерді қолданады екен.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін