Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауын 400-ге жуық халықаралық байқаушы бақылайды
10 қаңтарда өтетін мәжіліс және мәслихат сайлауын 400-ге жуық халықаралық бақылаушы бақылайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Халықаралық бақылаушыларды тіркеу процесі 4 қаңтар жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18.00-де аяқталған.
ОСК мәліметінше, барлығы 398 халықаралық бақылаушы тіркелген: 322-і - 10 халықаралық ұйымның атынан қатысады: ТМД парламентаралық ассамблеясы (48), ТМД атқару комитеті (179), Ислам ынтымақтастық ұйымы (4), ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы (42), ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы (9), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (15), Түркітілді мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі (7), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының парламенттік ассамблеясы (7), Түркітілді елдер парламенттік ассамблеясы (9), Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі (2). Бұған қоса, 31 мемлекеттен 76 байқаушы қатысады.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Елде 4 желтоқсанда қабылданған кандидаттардың сенімді тұлғалары, байқаушылар мен ақпарат құралы өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген қаулы үкіметтік емес ұйымдар тарапынан сынға ұшыраған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер қаулы байқаушылар құқығын шектейді деп санайды. Олар жоғарғы сот пен бас прокуратурадан қаулының күшін жоюды сұраған. Ал ОСК басшысы осыған дейін айтылған сындарды негізсіз деп атаған.