Әлем жаңалықтары

Google картаның кесірінен соғыс бола жаздады

Екі ел арасында соғыс орын алуы мүмкін еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екі ел арасындағы соғыс – саналы түрде қабылданатын күрделі шешім. Алайда өмір болған соң барлығы мүмкін екенін де ұмытпағанымыз абзал. “Рамблер” сайты кішкентай түсінбестіктің кесірінен екі ел арасында қанды соғыс орын алмақ болғаны жайлы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

2010 жылы Никарагуа әскері дұрыс бағдар көрсетпеген Google картаның көмегімен Коста-Рика мемлекетінің шекарасынан өтіп кетіпті. Негізінде жасақ басшысы Сан Хуан өзенінің ортасында орналасқан Калеро аралын басып алуды көздеген болатын. Никарагуа әскері аталған жерде туын тігіп, қорық ағаштарын түгелдей дерлік кесіп, өзенді тазартуға кіріскен.

Ресми мекен картасы бойынша арал Коста-Рикаға тиесілі, ал екі ел арасындағы шекара Сан Хуан өзенінің оң жақ бойымен өтеді екен.

Коста-Рика мемлекетінің президенті Лаура Чинчилья Никарагуа әскерінің теріс әрекетін айыптағанымен, өз халқын сабырлы болуға және арандандатушылыққа бой алдырмауға шақырды. Атап өте кету керек, олардың тұрақты әскері жоқ және жауап ретіндегі іс-әрекет елге қиындық әкелуші еді. Сонымен қатар, елдің сыртқы істер министрі Google басшылығынан картадағы қателікті тезірек жоюын сұрады. Компания өкілдері бұл жағдайға ешқандай жауап қайтара алмады, алайда картаны жасау кезінде ескі деректер қолданылғаны айқын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61