Bugin
Қазақстан қарулы күштерін күшейту маңызды
Саясаткер, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін жарық көрген "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласына қатысты пікір білдірді.
Саясаткердің айтуынша, енді сөзден іске көшетін уақыт жетті. Сондықтан қазірден төрт істі қолға алған жөн.
Біріншіден, Қазақстанның солтүстік аймақтарына әскер күшейту бойынша Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб қолбасшысына нақты тапсырма беру.
- Екіншіден, Қазақстанда мемлекеттік емес әскери құрылымдарды жасақтауға тыйым салу. Мәселен, казак бірлестігіне. Мемлекеттік емес әскери белгілерді, погон, бұлық және қылыш, кездік сынды суық қару асынып жүруге тыйым салу керек. Үшіншіден, қазақтың тарихи жер-су аттарын қалпына келтіру қажет. Мәселен, Түркістан, Сарыарқа, Жетісу, Ертіс, Қызылжар, Кереку, Алтай, Сыр елі, - деп жазады Мұхтар Тайжан әлеуметтік желіде.
Ал саясаткердің ойынша төртінші болып идеологиялық саясат пен ақпараттық қауіпсіздікті күшейту қажет. Әсіресе, теле және радиобайланысты қолға алған жөн.