1. «Шексіздікті таныған адам» («The man who knew infinity»)
Фильмде кедей отбасыда дүниеге келген үнді математигінің биографиясы баяндалады. Сриниваса кастасына (үнді қоғамының тапқа бөліну дәстүрі – ред.) сай қара жұмыс жасауға мәжбүр. Алайда ол потенциалы зор мықты математик. Осыны білген достары математикке универитеттегі ғалымдарға хат жазуды ұсынады. Рамануджан сөйтеді. Бұның арты неге әкеліп соғатынын фильмнен көре аласыз.
2. «Ақыл ойыны» («The professor and the Madman»)
Басты кейіпкеріміз Джеймс Мюррей – көрнекті лингвист. Ол түсіндірме сөздігін құрастырып шығармақшы. Бұл іс бірнеше филологтың қолынан келмейтінін Мюррейдің іші сезеді. Сондықтан да ол еріктілердің көмегіне жүгінуді жөн санайды. Ең белсенді ерікті Уильям Минор есімді азамат еді. Минор лингвиске пайдалы ақпаратқа толы хаттарды жазады. Нәтижесінде ғалым онымен кездескісі келеді. Сөйтсе Уильям Минор адам өлтірген, есі ауысқан тұтқын болып шығады.
3. «Дарынды» («Gifted»)
Ата-анасынан ерте айырылған кішкентай қыз Мэри ағасының қолында тәрбиеленеді. Қыз мектеп табалдырығын аттаған кезде оның бойында ерекше математикалық дарын бары байқалады. Мэридің нағашы әжесі оны математикалық академияға түсіруді мақсат тұтады. Дегенмен ағасы ерте есейгенін қаламап өз анасына қарсы шығады. Дарынды қыздың қай жолды таңдайтынын кинодан біле аласыз.\
-
«Стивен Хокинг әлемі» («The theory of everything»)
Стивен Хокинг – физик-студент. Ол диссертация жазуға отырмақшы.Онымен қоймай әдебиет сыншысы Джейнге көңілі ауады. Бірақ кенеттен жас ғалымға қорқынышты диагноз қойылады. Стивен алдағы уақытта қозғалу, сөйлеу, демалу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Стивен мен Джейннің махаббат оқиғасы, Стивеннің ғылымға деген ынтызарлығы немен аяқталатынын фильмнен тамашалай аласыз.
-
«Сана шабуылы» ( «Beautiful mind»)
Джон Нэш – ғалым, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Оның даңқты мансабы ұстаздық етуден басталады. Кейін ол Орталық барлау басқармасының көмекшісі атанады. Күндердің бір күнінде Джонға астыртын шабуыл жасалады. Ол қуғын-сүргінге ұшырайды. Джон аман қала ма? Кино көруді ұмытпаңыз.
Дайындаған: Ақерке Еркімбек Оңғарбекқызы