Bugin
Қазақстандық ару АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында онлайн өткен визаж бойынша әлемдік чемпионатта жеңіске жетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. Алматылық тұрғын қазылар алқасының көңілінен шығып, 3 000 қатысушы арасында үздік атанды.
Алматылық Виктория Станевич World Championship 2020 OMS Hairworld дүниежүзілік ұйымы өткізген визаж бойынша әлем чемпионатының екі алтынын жеңіп алды. Қазақстандық әйелдер бірден екі номинация бойынша үздік атанды: Smokey eyes makeup ("классикалық макияж") және Stage makeup ("подиумдық макияж"). Әлем чемпиондарын марапаттау 1-қаңтарда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тікелей эфирде өткен еді.
"Бір жыл үш айлық қызыммен декретте отырсам да, чемпионатқа уақыт тапқаныма өте қуаныштымын. Егер бұрын мен әлемдік жарыстарға дайындалуға жарты жыл уақыт жұмсасам, осы жолғы әлем чемпионатына қатысу туралы шешімді соңғы сәтте қабылдадым. Бір апта ішінде мен қандай макияж, сурет салатынымды ойладым. Сүйікті модельім Анелияны шақырдым. Бұрын онымен бірнеше рет Еуропа, Франция және Оңтүстік Кореяға бірге ұшып, алтын медальды иеленген едім. Сондай-ақ, классикалық smokey eyes makeup номинациясына Варвара есімді жаңа модельді де сынап көрдім» деген еді Виктория.
Қазылар алқасы қазақстандық арудың жеңісін "көңіл көншітерлік" деп атады. Өйткені ол визаж бойынша осымен әлемнің бес дүркін чемпионы атанды. Ал бұл сұлулық индустриясы үшін маңызды жетістік.
"Қазіргі уақытта менде екі жаңа марапат бар. Мен бес дүркін әлем чемпионы атандым және оны мақтан тұтамын. Бұл үлкен еңбек. Онлайн форматта әлем чемпионатына қатысу қызықты әрі жаңа тәжірибе болды. Өйткені мен қарсыластарымның жұмысын көрмедім және қобалжу екі есе көп болды. Әдетте өзгелердің жұмысын көру арқылы жеңіске деген өз мүмкіндігімді саралайтынмын. Байқаудың алдында өте қатты қобалжыдым. Чемпион атана тұра жеңілгім келмеді. Бұл менің ғана емес, еліміздің жеңісі" деді мақтанышпен әлемдік визаж бойынша жеңімпаз аруымыз.
Виктория Станевич өзінің жеңісін бұрын қатысқан байқаулардан алған тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында дейді.