Weekend
Ол кинодағы прототипі сияқты шынымен де әйелқұмар болған. Польшалық барлау қызметі британдық серіні күндіз-түні бақылаған.
Польшаның ұлттық еске алу Институты (IPN) Джеймс Бонд есімді Ұлыбритания елшілігінің қызметкерінің болғандығын растайтын мұрағат құжаттарын бөлісті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Сэр Джеймс Бонд Польшада 1964-1965 жылдар аралығында жұмыс істеген.
Құжаттарға сәйкес «агент 007» 1964 жылы 18 ақпанда Польшаға келген. Нақты лауазымы – Ұлыбритания елшілігінің әскери атташесінің жанындағы хатшы-мұрағатшы. Жергілікті арнайы қызмет өкілдері Бондтың қарапайым қызметкер екеніне күмәнмен қараған.
Ол кинодағы прототипі сияқты шынымен де әйелқұмар болған. Польшалық барлау қызметі британдық серіні күндіз-түні бақылаған.
Аталмыш құжаттарда оның 1965 жылы қаңтардың 21 жұлдызында Польшадан кеткені жазылған.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін