Әлем жаңалықтары
4 қаңтарда Трамп президент сайлауының шынайы “нәтижесін” көрсетуге уәде берген болатын
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйді сайланған президент Джо Байденге оңайлықпен бергісі жоқ. Бұл туралы Трамп Джорджия штаты Далтон қаласында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Лента.ру сайтына сілтеме беріп.
Сонымен қатар Дональд Трамп президент тағы үшін соңына дейін күресетінін де тілге тиек етті. Ал оның Демократиялық партиясы Сенат пен Ақ үйге жайғасатын болады. Трамптың алдағы жоспары осындай.
“Жеңілдім” деп кері шегінуге де болар еді. Қалыпты өміріме оралып, тыныш өмір сүрсем де жақсы. Алайда үлкен еңбекпен келген жеңісіңді бір-ақ сәтте қолыңнан жұлып алып, нәтижесін бетіңе басқанын көру – азап екен”, - деді Трамп. Президент сөзін YouTube-тағы WJCL News арнасы жариялады.
Бұған дейін, 4 қаңтарда Трамп президент сайлауының шынайы “нәтижесін” көрсетуге уәде берген болатын.
“Сертификатталған нөмірлердің өзі дұрыс емес болғанда, сайлаудағы цифрларға қалай сенуге болады? 6 қаңтарда бәріңіз шынайы цифрларды көретін боласыздар”, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.
Айта кетейік, сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, Байден 306, ал Трамп 232 дауыс жинаған. АҚШ Конгресі 6 қаңтарда нәтижені растауы тиіс.