Әлем жаңалықтары
Тоқаев әріптесінің сауығып кетуін тіледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Армения президенті Армен Саркисянның сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
“Армения президенті Армен Саркисянның коронавирустан сауығып, Армения игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуын тілеймін. Біздің мемлекет пен әлемдік қауымдастықтар Covid-19 пандемиясымен күресте белсенділік танытуда әрі жеңіп шығатынына сенімдімін”, - деп жазды ел президенті Twitter-де.
Айта кетейік, Армения президентіне Лондонда операция жасалғаннан кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды. Операция Саркисянның аяғына жасалды әрі сәтті өтті.