COVID-19

Германия тарихтағы "ең қатал" карантин режимін енгізді

Германия билігі елдегі қатаң карантин режимін 31 қаңтарға дейін сақтайтын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды Bugin.kz  авторлар платформасы.

Сонымен қатар, канцлер Меркель коронавирустың одан әрі таралмауы үшін қосымша шаралардың да енгізілетінін мәлімдеген. Германия халқынан барынша арақашықтықты сақтауды, көп адам жүретін орындарға бармауды сұрады. Бұған дейін елдегі карантин режимі 10 қаңтарға дейін созылуы керек болған. Алайда жағдай мүшкіл.

Германия билігі коронавирус пандемиясы кесірінен 16 желтоқсаннан бастап тарихтағы ең қатал карантиндік режим енгізген болатын. Президент Франк-Вальтер Штайнаймер туыстардың тіпті Рождество кезінде жолығуына тыйым салған. Құттықтаулар мен сыйлықтардың ешқайда қашпайтынын, алайда коронавирусты жоюға болатынын баса айтқан.