COVID-19
Бұған дейін АҚШ Covid-19 вирусының әлемге таралуына Уханьдағы зертхананы кінәлаған еді
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ тарапынан болған айыптауларға жауап берді, деп жазады Bugin.kz авторлар платформасы РИА Новости-ге сілтеме беріп.
АҚШ-тың лауазымды шенеунігі Мэт Поттинджер соңғы барлау мәліметтерін мысалға келтіре отырып, коронавирустың таралып кетуіне Ухань базарынан 11 миль қашықтықта орналасқан Ухань құпия вирусологиясын кінәлаған еді.
“Нақты дереккөздің дәл сол лабораториядан шыққанын дәлелдейтін фактілер анықталып жатыр”, - деп келтірген шенеуніктің сөзін Daily Mail.
Алайда Қытай СІМ бұл айыптауларды құр қауесет пен бос сөзге теңеді.
“Поттинджер өз мемлекетінің лауазымды тұлғасы болғанына қарамастан қауесет сөзді қайталай берді. Бұл шенеуніктің жеке ойы ма әлде дүйім АҚШ-тың пікірі ме? Мұны Америка тарапы нақтылайды деп үміттенемін”, - деп келтірді Хуа Чуньиннің сөзін РИА Новости.
Оның айтуынша, вирустың әдейі таралғанын жоққа шығаратын куәгерлер елде жетерлік. Әрі АҚШ-тан нақты дәлел талап етіп отыр.