Әлем жаңалықтары
2007 жылғы автокөлік болашақ иесіне құжаттардың көшірмесімен бірге берілмек
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың Ferrari F340 автомобилі аукционға қойылды. Бастапқы құны – 400-500 мың доллар. Бұл туралы Mecum Auctions хабарлады, деп жазады Bugin.kz авторлар платформасы.
Аукциондар үйі сайтының хабарлауынша, 2007 жылғы автокөлік болашақ иесіне құжаттардың көшірмесімен бірге берілмек.
Анықталғандай, Трамп көлікті жаңа күйінде сатып алған. Сол себепті құжатта оның жеке қолы мен Трамп-тауэр зәулім ғимаратының тіркеу мекенжайы көрсетілген. Көлік пайдаланылған уақыттан бері 11 мың километр жол жүрген. Салоны қоңыр былғарыдан жасалған, әрі бренд белгілерінің түпнұсқасы жапсырылған.
Саудаласу 7-16 қаңтар аралығында өтеді. Ал 20 қаңтар АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі өтпек.