Денсаулық
Бұл теорияның растығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген бе?
Ғалымдар адамдардың иммунитеті қан тобына қарай айрықшаланатынын анықтаған болатын. Бұл орайда ғалымдар 4-ші қан тобындағыларға артықшылық беріп отыр, деп жазады Bugin.kz авторлар платформасы.
Дәлірегі, аталған қан тобындағылардың жұқпалы індетке шалдығу қатері төмен болады. Ал инфекциялық ауруларға екінші қан тобындағылардың төтеп беру қауқары төмен.
Бұл тарапта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, екінші қан тобындағылардың 40% жағдайында интерферонның (организмге вирус енгенде вирустың жасушаға енуіне әрі таралуына, яғни, өсіп-өнуіне кедергі келтіру үшін бөлінетін ақуыз – ред) төмендегені байқалған.
Ал бірінші қан тобындағылардың ағзасында мұндай ақуыздың бөліну деңгейі 80%-ды құраған. Бұл көрсеткіш үшінші қан тобындағыларда 91% болса, төртінші қан тобындағыларда - 92%.
Десе де эпидемиолог ғалымдар бұл теорияның растығы ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін алға тартып отыр.
Дереккөз: islam.kz