Экономика

Ким Чен Ын: Экономикалық жоспардың күл-талқаны шықты

Енді алдағы бес жылға жоспар құрмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея үкіметінің бес жылға жоспарлаған экономикалық дамуының бірде-бір нәтижесі орындалмады. Бұл жайлы Солтүстік Корея Халық Республикасының басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы DW.com басылымына сілтеп.

2020 жылдың соңына дейін тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбек болған Ким Чен Ынның бес жылдық жоспар күл-талқан болды. Мұны Солтүстік Корея басшысы 5 қаңтар күні өткен партия съезінде ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, жоспарды жүзеге асыру барысында кеткен қателіктер толық талдаудан өтіп, жөнделмек.

Солтүстік Кореяда партия съезі осымен сегізінші рет ұйымдастырылды. Әрі бұл жиында да елдің алдағы бес жылдық экономикалық дамуының жоспары бекітілмек. Сондай-ақ АҚШ-пен және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынас орнатудың саяси амалдары талқыланады.

Айта кеткен жөн, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жыл сайын жаңа жылда халқына құттықтау мен жолдау арнайтын. Алайда биыл бұл әдетінен бас тартып, елін мерекемен құттықтап, құттықтау хат жазумен шектелді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61