Саясат

Ресейшіл блогер Ермек Тайшыбековтің қамау уақыты тағы да созылды

5 қаңтарда Алматыдағы Әуезов аудандық сотының судьясы Данияр Сембаевтың шығарған шешіміне сай, ресейшіл блогер Ермек Тайшыбековтің тергеу изоляторындағы қамау уақыты тағы бір айға созылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Тайшыбековтің адвокатына сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады.

Азаттықтың жазуынша, судья айыптау актісін қайта қарастыру үшін прокуратураға жолдаған. Судьяның пайымдауынша, айыптау актісін аудандық прокурор емес процессуалдық прокурор мақұлдаған. 

Сот прокурор 15 күннің ішінде судьяның айыптау актісіне қатысты шығарған анықтамасына шағым түсіре алатынын ескертті.

Тайшыбеков ісі бойынша келесі сот отырысы қашан өтетіні әлі белгісіз. 

42 жастағы блогер Тайшыбеков 2020 жылы 23 қыркүйекте Алматыда Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабымен күдікке ілініп, қамауға алынған. 26 қыркүйекте тергеу соты оны екі айға қамауға алған. 

1 қазанда Алматы аппеляциялық соты тергеу сотының шешімін күшінде қалдырып, Тайшыбековті қамаудан босатпады.

Әлеуметтік желідегі жазбаларында Қазақстанды Ресейге қосу туралы бастама көтеріп жүретін блогер  Ермек Тайшыбеков 2015 жылы желтоқсанда да "ұлтараздықты қоздырды" деп айыпталып, төрт жылға сотталған. Бірақ ол 2017 жылы мерзімінен бұрын босап шықты.